Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 24 қаралым

Қоршаған ортаны қорғауды үйретті

Табиғатқа қалай қамқор болу керектігін экологтардан артық білетін адам жоқ. Ақтөбенің білім басқармасы лагерьде демалып жатқан оқушыларға арнап «Тазалық – мәдениет белгісі» деген іс-шара ұйымдастырыпты. Балалар жалықпас үшін ойын түрінде өткізуді ұйғарған. Облыстық экология департаментінен келген мамандар жеткіншектермен әңгіме-дүкен құрып, содан соң «Тазалық бәйтерегі», «Қоқысты кәдеге жарату» секілді танымдық дәрістер өткізді. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының мақсатын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізіп, экологиялық мәдениет, жауапкершілік деген не екенін викториналық сұрақтармен пысықтады.

НАЗИЯ ЕСҚАЗИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Біз «Экоқаһарман» ойынын алып келдік. Ол қазіргі кезде экологияны қорғау үшін балалар өздерінің тарапынан не жасай алады, қандай істер арқылы табиғатты қорғауға болады? Осындай ситуациялық сұрақтар қоямыз және ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ойын арқылы балаларға жақсырақ түсінікті болады деп ойлаймын өзім.

← Барлық жаңалықтар