Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында елуден астам дроппер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында кәмелет жасқа толмағандар көп. Алаяқтар сенгіш жастарды әлеуметтік желі арқылы арбап, құрығына түсірген. Өңір полицейлері қазірдің өзінде заңсыз контент таратқан 150-ден астам сайтты бұғаттапты.
МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
Қылмыскерлер әлеуметтік желілерде, әсіресе Telegram-каналдарда жұмыс туралы хабарландыру орналастырады. Балаларды өздеріне тарту үшін қандай да бір аударымдарды жүзеге асыруға банктік карталарын беруді сұрайды. Немесе балалар белгілі бір сыйақы үшін ақшаны өздері қолма-қол ақшаға айналдырып береді. Ата-аналар барлық сайттарды тексеруі керек. Балаңызды не қызықтырады, ол қандай сайттарға кіреді, кіммен жазысады – бәрін бақылауда ұстаған жөн.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай бақылау күдікті әрекеттерді дер кезінде байқап, баланы қылмыстан құтқарады. Айта кетейік, дәл осындай заңсыз әрекеттерге қатысқаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Үсен Астана