Мазмұнға өту
· 141 қаралым

Полицияға тіл тигізді

Заң талаптарына бағынбай, полицияға тіл тигізді. Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласының тұрғыны шырт ұйқыда жатқан жұрттың тынышын алып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға қаладағы түнгі клубтың маңында болған. 22 жастағы жергілікті тұрғын былапыт сөз айтып, шу шығарған көрінеді. Мұнымен қоймай, тәртіп сақшыларының талабына мойынсұнудан бас тартқан. Сот шешімімен ол 25 тәулікке қамауға алынды. Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырды.

← Барлық жаңалықтар