Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 5 қаралым

Қос елдің алаяқтары ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігі халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық азаматты Кореядан елге қайтарды.

Қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған Қазақстан азаматын құрықтады. Агенттік Интерполдың қолдауымен халықаралық іздеу жарияланған Ұлан Байболовты Кореядан Қазақстанға қайтарған. Тергеу деректеріне сәйкес, айыпталушы қылмыстық топпен бірлесіп салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жүйелі түрде төлеуден жалтарумен айналысқан. Және оны қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:

Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Кей қазақстандықтар Кореяда жасырынса, заң бұзған оңтүстік кореялықтар керісінше, біздің елге қашып келеді екен. Телефон алаяқтығымен айналысып, Камбоджа мен Вьетнам арқылы Қазақстанға кірген азаматты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері ұстап алып, өз елінің құзырлы органына берді. Мұны жоғары бағалаған Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

← Барлық жаңалықтар