Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 13 қаралым

Қайсар Хамзаның сыбайластары кім?

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайсар Хамза ісі бойынша тағы төрт күдікті бар екенін мәлім етті.

Блогер Қайсар Хамзаның сыбайластары белгілі болды. Қаржылық мониторинг агенттігі Вьетнамда қолға түскен желі жұлдызы жайлы тың ақпараттарды мәлім етті. Іс бойынша тағы төрт күдікті бар екен. Олар АҚШ пен Украина азаматтары көрінеді. Жеңіл ақшаға үйірсектер Қазақстанда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген жорамал бар. Яғни онлайн казиноны елден тыс жүрген адамдар тобы ым-жымы бір компаниялар желісі арқылы ұйымдастырған. Айыпты деп танылған Дружински мен Левкович үйлестіруші қызметін атқарыпты. Құмар ойыннан түскен қыруар қаржыны қабылдау мен елден шығаруды қамтамасыз еткен. Алайда агенттік олардың әрқайсысы тергеу нұсқасы бойынша қандай рөл атқарғанын нақтыламады. Ведомство бұған дейінгі тергеу деректерін жариялауға заңнамада шектеу қойылғанын атап өтті.

← Барлық жаңалықтар