Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 7 қаралым

300-ге жуық отбасына көмектескен

Елімізде 300-ге жуық отбасы қиын өмірлік жағдайға тап болған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын жариялау кезінде айтылды. Полиция қызметкерлері арнайы рейд барысында әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларды анықтап, оларға тиісті көмек көрсеткен. Нәтижесінде 1 мың 379 адам құқықтық, психологиялық, медициналық және әлеуметтік қолдауға ие болды. Оның ішінде 42 азамат уақытша дағдарыс орталықтарына, тағы 37 тұрғын отбасын қолдау орындарына орналастырылған. Сонымен қатар, мамандар мүмкіндігінше агрессия танытқан адамның мінез-құлқын түзетуге де ықпал етеді. Бұл — тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталануына жол бермеудің маңызды тетігі.

АҚМАРАЛ СЕРІКБАЕВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Алайда бұл сандардың артында нақты адам, нақты отбасы және нақты тағдыр тұр. Сондықтан біздің мақсатымыз мәселені тіркеп, кінәлі адамды жазалау емес, ең маңыздысы қауіпті дер кезінде анықтап, жәбірленушіні қорғау, қажетті көмек көрсету және зорлық-зомбылықтың қайталануына жол бермеу.

← Барлық жаңалықтар