Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 26 қаралым

Жалған диплом алғандар сотталуы мүмкін

Жалған диплом алғандар енді жазаланады. Оны үн-түнсіз дайындап бергендер де, оқудан қашып, сатып алғандар да жауапқа тартылады. Ғылым және жоғары білім министрлігі оларды нақты қандай жаза күтіп тұрғанын егжей-тегжейлі түсіндірді. Ведомство мәліметінше, қолдан құжат жасағандарға шамамен 9 миллионға дейін айыппұл салынады. Немесе 600 сағат бойы қоғамдық жұмысқа тартылады. Тіпті 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған. Ал оны кәдеге жаратып, пайда көргендерге 700 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды. Болмаса, қоғамдық жұмысқа жегіліп немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынуы ықтимал.

← Барлық жаңалықтар