«Алтын-Емел» ұлттық паркінде ерекше жағдай болды. Қыран бүркіт пен қарақұйрықтың суат басында бірге жүрген сәті фототұзаққа түсіп қалған. Әдетте, олардың жолы түйісе бермейтін. Өйткені бүркіт аша тұяқтыға шабуыл жасайтын қауіпті жыртқыш болғандықтан, олар әрдайым сақ жүреді. Бірақ бұл жолы басқаша болды. Аспан әміршісі мен дала еркесі құдды бір бейбіт бітім орнағандай, жайбарақат су ішіп жүр. Мамандар бұл өте сирек көрініс деп отыр. Олар бұған аптап ыстық та әсер етуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Бердібек Қарынбай