Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

Алаяқтарға ақшаңызды аударып қойсаңыз, не істеу керек?

Алаяқтарға ақшаңызды аударып қойсаңыз, не істеу керек? Прокурорлар тұрғындарға бұл ретте еш саспай, тиісті нұсқаулықпен жұмыс істеуді ұсынды. Қаскөйлерге тіпті СМС-кодты айтып қойсаңыз да, олар әп-сәтте ақшаңызды алып үлгермейді. Сондықтан дереу телефондағы банк қосымшасы арқылы қаржыңызды туысыңызға аударып жіберу керек, – дейді прокурорлар. Ал егде тартқан әке-шешеңіз не ата-әжеңіз алаяқтарға жем болмауы үшін eGov.kz қосымшасы арқылы несие алуға тыйым салу керек екен. Егер қаражат қылмыскерлерге өтіп кеткен жағдайда, полицияға шағымдану ұсынылды. Олар ақша айналымын қадағалап, қайтаруға амал жасайды.

Гүлмира Тасболатқызы

← Барлық жаңалықтар