Қостанайда жас жол инспекторларының 21-ші слеті өтіп жатыр. Байқауға Қазақстанмен қоса ТМД елдерінен келген оқушылар да қатысуда. Олар тоғыз кезеңнен тұратын сайыста теориялық білімін ғана емес, жылдам шешім қабылдау қабілеттерін де көрсетулері қажет. Командалық жұмыспен қатар алғашқы көмек көрсетуді де бір-бірінен үйренеді.
АҚТОТЫ БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Балалар алған білімін тәжірибемен ұштастырса, жақсы есте қалады. Өздері қатысып, өздері сезінген дүние олардың жадында тез сақталып, алдағы уақытта көмегін тигізетіні анық.
Биылғы слетке Тәжікстан мен Ресейден командалар келген. Тәжікстандық оқушылардың бұл Қазақстанға алғашқы сапары болса, Ресей құрамасы халықаралық деңгейдегі байқауға бірінші рет қатысып отыр. Мұндағы басты мақсат — жас инспекторларға жол қауіпсіздігін, алғашқы көмекті және командалық жұмысты меңгертіп, алған білімін күнделікті өмірде қолдануға дағдыландыру.