Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 4 қаралым

Кентауда маньяк жүргені рас па?

Кентауда маньяк жүргені рас па? Әлеуметтік желіде тараған осындай ақпарат қала тұрғындарын әбден шошытыпты. Елді дүрліктірген қауесет бойынша, қоқыстан әлдебіреудің мүрдесі табылып-мыс. Бұл әңгіме полицейлерді де аяғынан тік тұрғызып, тексеру жүргізген кезде ешқандай адамның мәйіті болмаған. Қазір жалған ақпараттың қайдан тарағаны және мән-жайы анықталып жатыр.

ҚАЙРАТ БАЙТЕЛИЕВ, КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ КЕЗЕКШІ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Әлеуметтік желіде таралған бейнетүсірілімде және дыбыстық жазбалар, яғни Кентау қаласында маньяк немесе мәйіт табылуы жалған мәлімет екенін мәлімдеймін. Хабарлама бойынша жедел тергеу тобы толық құрамда оқиға орнына барып, тексеру барысында қоқыс жәшіктерінен ешқандай адамның мәйіті анықталған жоқ.

← Барлық жаңалықтар