Астанада әткеншекке таласқан аналар бір-бірін соққының астына алды. Оқиға тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында болған. Әйелдердің арасындағы жаға жыртыстың видеосы желіде лезде тарады. Екеуі де бірін-бірі жарақаттаған. Тәртіп сақшылары аталған жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғап, оқиғаға қатысы бар жандарды полиция бөліміне жеткізген.