Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 24 қаралым

Мал санын өтірік көрсетіп, 50 млн жымқырған

Қағаз жүзінде көбейген мал, бюджеттен төленген миллиондар. Ақмола облысында мемлекеттік субсидияны заңсыз иемденуге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу нұсқасына сәйкес, «Медина» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің директоры мен Шортанды аудандық ветеринариялық станциясының басшысы өзара сөз байласқан. Ым-жымы бір қулар ақпараттық жүйеге ірі қараның саны туралы жалған мәлімет енгізіп, бюджет қаражатын қалталарына басыпты.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

57 асыл тұқымды тұқымдық бұқа бар деген жалған мәліметтің негізінде бюджеттен 9 миллион теңге аударылған. Кейін осы деректерге сүйеніп, іс жүзінде жүргізілмеген селекциялық жұмыстарға тағы 17 миллион теңге бөлінген. Бұдан бөлек, 4 өтінімде аналық мал саны 3 мың басқа артық көрсетілген, соның салдарынан тағы 27 миллион теңге субсидия негізсіз алынған.

Мемлекетке келтірілген залал 50 миллион теңгеден асты. Кооператив директоры үйқамақта, тергеу жалғасып жатыр.

← Барлық жаңалықтар