Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 7 қаралым

БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасын қолдады

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасын қолдады. 22 сәуір «Халықаралық планетаны көгалдандыру» күні ретінде бекітілді. Бұл ұсынысты былтыр қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте өткен Ассамблеяның 80-сессиясында айтқан болатын. Идеяға 32 мемлекет оң бағасын берген. Құжат әлемдік қоғамдастықты көгалдандыру мен табиғи экожүйелерді қалпына келтіруге үндейді. Халықаралық күннің белгіленуі елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының мақсаттарымен үндес келеді.

← Барлық жаңалықтар