Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 19 қаралым

25 жыл отасқан әйелін пышақтап тастады

Түркістанда ер адам 25 жыл бірге тұрған әйелін пышақтап өлтірді. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығып, отағасы жұбайының ішіне пышақ салған. Ауыр жарақаттан қансырап жатқан анасын кіші баласы көріп, бірден жедел жәрдем шақырыпты. Алайда дәрігерлер 54 жастағы әйелдің өмірін арашалап қала алмады, ол есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды. Күдікті қылмыстан кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Қазір ол қамауға алынды.

МҰХТАР СЕЙДІЛДАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар атқарылуда. Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданатын болады.

Көршілерінің айтуынша, ширек ғасыр отасқан ерлі-зайыптылардың бұған дейін ұрыс-керісі байқалмаған. Марқұмның артында 4 баласы қалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр, істің нақты мән-жайы содан кейін белгілі болады.

← Барлық жаңалықтар