Жұмыссыз қалғандарға төленетін жәрдемақы мерзімі қысқаруы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 1 қазаннан бастап пилоттық жоба іске қосылады. Жаңа тәртіп бойынша төлем ең ұзақ дегенде 3 айға тағайындалады. Қаржы көлемі азаматтың орташа айлық табысы мен әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне қарай есептеледі. Көмек алу үшін алдымен Enbek.kz платформасында жұмыс іздеуші ретінде тіркелу қажет. Егер бірден жұмыс табылмаса, азаматтарға кәсіптік оқыту, субсидияланатын жұмыс орындары және өзге де ұсыныстар болуы мүмкін.