Енді жолаушылар пойыз әр станцияға тоқтаған сайын интернет іздеп әуре болмайды. Қазақстандағы жолаушылар пойыздарына Starlink спутниктік интернеті орнатылып жатыр. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады. Қазір спутниктік интернет 31 бағыттағы 59 теміржол көлігінде қолжетімді. Қыркүйек айының соңына дейін 124 пойыз құрамын интернетпен қамту жоспарланып отыр. WhatsApp пен Telegram мессенджерлерін тегін қолдануға болады. Ал өзге қосымшалар үшін трафик пакеттері ұсынылады.