Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

АҚШ-та 200 отандасымыз далада қалды

Лос-Анджелесте 200-ге жуық қазақстандық далада қалды. Олар АҚШ-қа Work and Travel бағдарламасымен барған көрінеді. Әрқайсысы 1100 доллардан төлеген жастар Сан-Францисконы аралап, артынша Лос-Анджелесте шопинг жасауды жоспарлаған. Алайда студенттерді тасыған автобус жүргізушісі салонда қарбыз жарылды деген сылтаумен сапарды жалғастырудан бас тартыпты. Орта жолдан қонақүйге қайтқан қыз-жігіттер отельге кіре алмаған. Себебі турды ұйымдастырушылар бағдарламаның аяқталғанын мәлімдеп, қалған күннің ақшасын төлемеген. Бұл оқиға бойынша Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді. Ведомство дерегінше, қазір алданған отандастарымыздың басым бөлігі елге оралды, ал әлі де АҚШ-та жүргендердің жағдайы жіті бақылауда екен.

← Барлық жаңалықтар