Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Балабақшадағы былық

«Баламның бетін не істеп қойдың?» Ақтөбе облысы Шалқар ауданының тұрғыны балабақша қызметкері ұлымның бетін тырнады деп полицияға арыз түсірді. Айтуынша, оқиға ауылдағы мектепке дейінгі тәрбие мекемесінде болған. Тәрбиешінің көмекшісінің ерсі әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

БАЛАНЫҢ АТА-АНАСЫ:

Не істеп жатырсыз, ал менің баламның бетімен не істеп жатырсыз?

Балабақша қызметкерін мұндай әрекетке не итермелегенін тергеу анықтайды. Полицейлер қазір кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

АЯН БАШАНОВ, ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Айшуақ ауылдық округінің Бегімбет ауылында орналасқан «Айгөлек» бөбекжай-бақшасында 25 бала тәрбиеленіп жатыр. Орын алған оқиғадан соң арнайы жұмыс тобы құрылып, зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Құзырлы орган тарапынан іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаға қатысы бар қызметкер мекемеде 2009 жылдан бері жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта ол қызметінен шеттетілді.

← Барлық жаңалықтар