Астана бұдан да көркейе түспек! Биыл елорда көшелеріне 1 миллионнан астам жасыл желек отырғызу жоспарлануда. Бұл жұмыстар бас қаланың барлық ауданында жүргізіледі. Мамандардың айтуынша, өсімдіктерді таңдағанда шаһардың ауа райы мен климаты ескеріледі. Әсіресе ірі ағаштар мен көпжылдық бұталарды көбейтуге басымдық беріліп отыр екен. Көгалдандыру тек саябақтарда емес, көшелер мен негізгі магистральдардың бойында да жүргізілуде. Сонымен қатар бұған дейін егілген ағаштар да назардан тыс қалмайды. Олар тұрақты түрде суарылып, тыңайтқыш себіліп, зиянкестерден қорғалуда.