Мазмұнға өту
· 23 қаралым

Астанада алғашқы қар жауды

Күз келген жоқ, Астанаға қыс келді. Бүгін елордада күн күрт суытып, қар ұшқындады. Бас қалада ғана емес, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облысында да қар жауыпты. Ел тұрғындары әлеуметтік желіге салып жатыр. Қазгидрометтің мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірінде салқындық әлі де сақталады. Синоптиктер 16 аймақта қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасын мен көктайғақ болуы мүмкін деп отыр. Мамандар жүргізушілерге ұзақ жолға шығарда көліктің техникалық жағдайын тексеріп, трассада қауіпсіздікке мән беруге кеңес береді.

← Барлық жаңалықтар