Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Ұрпақтан ұрпаққа ұласқан мамандық

Атадан балаға жалғасқан ұлы мамандық. Жетісулық Абдықазыровтар әулеті үшін Ұстаздар күнінің мәні зор. Өйткені отбасында 90-ға келген Мағрипа әжеден бастап, ұлдары мен келіндері, немерелері айтулы мерекеде шәкірттерінің алғысына бөленеді. Кейуананың жары Қажымұқан Абдықазыров та математика пәнінен сабақ беріп, мектеп директоры қызметіне дейін атқарған. Осылайша үлкен шаңырақта мұғалім мамандығына деген сүйіспеншілік ұрпақтан ұрпаққа ұласып отыр. Бүгінде бір ғасырға татитын тарихы бар жанұяның еңбек жолы мектеп өмірімен біте қайнасып, көпке үлгі болып келеді.

ГҮЛНАР ДӘРТАЙҚЫЗЫ, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ:

Келін боп түскен әулеттің өзі ұстаздар әулеті. Атам ұстаз болған. Енем де ұстаз болған. Сол кісілер сияқты балаларды тәрбиелеуге жұмыс жасап жатырмыз. Төртінші ұлым АГУ-ды бітірді, атасының жолын қуып, физика-математика бойынша оқып жатыр.

МӘДИНА АБДЫҚАЗЫРОВА, ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Әр баланың жүрегі болады. Біз сол балаға білім беріп, білім нәрімен сусындатып, біз үшін жетістікке жеткені үлкен бақыт, үлкен ғанибет болып табылады.

← Барлық жаңалықтар