Атырауда 3-қабатта тұрған лифт құлап кетті. Оқыс жағдай бүгін таңертең «Гранд Атырау» тұрғын үй кешенінде болған. Оқиға болған жерге құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл жетіпті. Жеделсатының ішіндегі 4 адам аман. Бірі медициналық көмектен бас тартыпты. Ал қалғаны ауруханаға жеткізіліп, ақ халаттылардың тексерісінен өтіп, үйлеріне қайтарылған.
ДӘУРЕН ҚҰЛАХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ДӘРІГЕР-ТРАВМАТОЛОГЫ:
Жарақат кезіндегі шағымдары, яғни кеуде аймағында, омыртқа аймағында ауырсынулар. Рентген түсірілді. Көмегі берілді. Амбулаторлық емге жіберілді.
Тұрғындардың айтуынша, бұл лифттің мәселесі біраздан бері көтеріліп келеді. Өте баяу қозғалады, тіпті арасында кідіріп қалады екен. Енді жауаптылар бүгінгі жағдайдың нақты неден болғанын, қандай да бір ақау бар-жоғын жіті тексеріп жатыр. Мұның бәрін қала әкімі өз бақылауына алыпты.