«Ана бренді: цифрлық дәуірдегі тәрбие коды». Қызылордада осындай тақырыппен республикалық форум өтті. Жиынның негізгі мақсаты — ұлттық тәрбие мен заманауи технологияларды сабақтастыра отырып, саналы әрі сауатты ұрпақ тәрбиелеудегі ананың рөлін арттыру. Форумға еліміздің әр өңірінен келген делегаттар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен мәдениет саласының өкілдері қатысты. Мамандар мен сарапшылар бес бағыт бойынша пікір алмасып, ұлттық тәрбие, отбасы құндылығы, ана мен бала денсаулығы, әйелдердің кәсіпкерлігі және отбасы мен мансап үйлесімі мәселелерін талқылады.
ҚАЛАМҚАС КӘРІМОВА, ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Үш жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатыр дәстүрлі түрде. Биылғы жылдың тақырыбы цифрлық дәуірдегі бала тәрбиесі, жасанды интеллект жылына байланысты. Алдағы уақытта біздің аналарымыз жасанды интеллектпен балаларды тәрбиелеуге дайын ба, жаңашылдықтарға көзқарастары қандай, қандай оң мүмкіншіліктері бар — осы мәселелерді ортаға салуға жиналып отырмыз. Бұл форум негізі біздің аналарымыздың арасындағы ашық пікір алмасу алаңына айналады деп сенеміз.