Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Алтынға бергісіз күміс: параволейболшылар елге оралды

Отырып ойнау волейболынан ел намысын қорғаған жігіттер елге оралды. Жүлдегерлерді елорда әуежайынан федерация өкілдері, жанкүйерлер мен туған-туыстары думандатып қарсы алды. Ұлттық құрама Жапонияда өткен пара Азия ойындарында тамаша өнер көрсетіп, алтынға бергісіз күмісті қанжығаларына байлады. Жартылай финалда нағыз камбэк жасаған отандастарымыз жанкүйерлерді тәнті еткен болатын. Алайда шешуші ақтық сында жерлестеріміз фаворит саналған Иран құрамасына есе жіберді.

БЕРІК ИЗМАҒАМБЕТОВ, V ПАРА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ:

Енді келесі жылы бізде осы Астана қаласында өтетін Азия чемпионаты бар. Бұнда жалғыз лицензия ойнатылады Лос-Анджелеске Азия тарапынан. Енді сонда бір еліміздің абыройын асқақтатып, лицензиямызды алып, 2028 жылы өтетін Паралимпиадаға жолдама алу.

← Барлық жаңалықтар