Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Өндірісті әртараптандыру – экономикалық дамудың негізі

Сирек кездесетін металдар қорын қалыптастыру, өндірісті әртараптандыру және өңірлердің әлеуетін тиімді пайдалану. Президент Жолдауында көтерілген бұл бастамаларға қатысты сарапшылар өз бағасын беруде. Мамандардың пікірінше, стратегиялық маңызы бар металдардың қорын жасақтау Қазақстанның әлемдік өндіріс тізбегіндегі орнын нығайтуға мүмкіндік береді. Алайда ол үшін шикізат өндірумен шектелмей, оны терең өңдеуге, заманауи технологияларды енгізуге және ғылыми зерттеулерді дамытуға басымдық беру қажет. Ғалымдар мұндай кешенді тәсіл отандық өнеркәсіптің дамуына серпін беріп, елдің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтетінін айтады.

ГҮЛЗИРА МАМЫРБАЕВА, ПРОФЕССОР:

Осы салаларда ескірген технологияны жаңарту керектігін, металлургия саласында сирек жер металдарының базасын құру және де жасыл энергетикаға аса қажетті маңызды металдарға, соның ішінде кобальтты өндіруге аса назар аударды. Технологияны ойлап тауып, зерттеп, қолданатын болсақ, болашақта өзіндік құны төмен металдарды алуға біз бір қадам жақындаймыз. Және де Президенттің айтқан жоспары бойынша ҚР осы критикалық металды өндірушілердің қатарына қосылатын болады.

← Барлық жаңалықтар