Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Қазақстанда қанша үй салынады?

Қазақстанда құрылыс қарқыны өсті. Былтыр елімізде жалпы ауданы 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, рекордтық көрсеткішке жеткен. Оның 13,5 млн шаршы метрі көппәтерлі нысандарға, ал 6,4 млн-ы жеке тұрғын үйлерге тиесілі. Биыл да оның үлесі бәсеңдемек емес. Мемлекет басшысы Жолдауында осы саланы дамыту, жеке инвестиция тарту және ұзақ мерзімді қаржыландыру тетіктерін жетілдіру міндетін атап өтті. Баспананы салумен қатар, оған қажетті инженерлік желілер мен әлеуметтік инфрақұрылымды да қатар ілгерілету маңызды.

АЛТАЙ КҮЗДІБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫН ҮЙ КОМПАНИЯСЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Осы жылдың қорытындысы бойынша, жалпы жоспар бойынша 20 млн-нан астам тағы тұрғын үй тапсырылады. Біз ҚТҮК ретінде бүгінгі таңда жалпы 760 млрд-тан астам жалпы қаржы бөлдік. Осы жылдың соңына дейін өз тарапымыздан 930 млрд теңгеден астам қолдау көрсетілетін болады.

Тұрғын үй салу қарқыны құрылыс материалдарына да сұранысты арттырады. Бұл ретте ішкі нарықтағы қажеттіліктің 73 пайызын отандық өндірушілер қамтамасыз етіп отыр. Демек, алдағы ауқымды жобалар жергілікті кәсіпорындардың өндіріс көлемін ұлғайтып, металлургиядан бастап логистикаға дейінгі бірқатар саланың дамуына серпін бермек.

← Барлық жаңалықтар