Енді мобильді аударымдарды бақылау тәртібі өзгереді. Келер жылдан бастап жеке шотқа үш айда 1 миллион 557 мың теңгеден астам ақша түссе, салық органдары назар аударуы мүмкін. Тиісті құжатқа Қаржы министрі Мәди Такиев қол қойды. Алайда қаражаттың белгіленген сомадан асуы тексеруге бірден себеп болмайды. Атап айтсақ, азаматтың шотына қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп түрлі адамнан ақша түсуі керек. Сонымен қатар осы үш айдағы барлық түсімнің жалпы сомасы министрлік бекіткен шектен асуға тиіс. Тек осы екі талап бойынша ғана банк мәліметтерді салық органдарына жолдайды. Ал туыстар мен достар арасындағы күнделікті аударымдарға шектеу жоқ.