Мазмұнға өту
· 20 қаралым

Халық саны өсіп жатыр

Көбейіп жатырмыз: елдегі халық саны 20 миллион 700 мыңға жуықтап қалды.

Оның 13 миллионнан астамы қалада қоныстанса, қалғаны ауылдық жерлерде тұрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы бір айда 14 мыңнан аса сәби дүниеге келіпті.

Демографиялық өсімнің көшін Алматы бастап тұр. Қазіргі таңда мегаполисте 2 миллион 300 мыңнан астам тұрғын бар. Одан кейінгі тізімде Түркістан облысы, Астана, Алматы облысы, Шымкент қаласы, Жамбыл және Қарағанды өңірлері. Ал халқы ең аз аймақ — Ұлытау облысы.

Жалпы халық саны — 20 633 529 адам. Қала халқы — 13 254 158 адам, ауыл халқы — 7 379 371 адам. Соңғы бір айда халық саны 14 733 адамға өскен.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар