Мазмұнға өту
· 19 қаралым

«Астана Жас Жігер» жобасы аяқталды

Салауатты өмір салтын насихаттап, жастарға жаңа мүмкіндіктер ұсыну: елордада «Астана Жас Жігер» жобасының салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Шара барысында футбол турнирі ұйымдастырылып, волейбол мен үстел теннисінен үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар да марапатталды.

Бағдарлама үш негізгі бағытты қамтыды. Олар — құқықтық сауаттылықты арттыру, кәсіби дамуға қолдау көрсету және спортқа баулу.

Бастаманы «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы «Заң және тәртіп» нарративі аясында жүзеге асырды. Жобаның негізгі мақсаты — NEET санатындағы жастарды әлеуметтік ортаға бейімдеп, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау.

Жанар Арғын

← Барлық жаңалықтар