Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Ерекше балаларға арналған бірыңғай цифрлық платформа

Енді әр мекеменің есігін қағып, том-том құжат жинаудың қажеті жоқ! Елімізде ерекше балаларға арналған бірыңғай цифрлық платформа әзірленіп жатыр. Жаңа жүйе медициналық көмек пен білім беру және әлеуметтік қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік береді. Осылайша, ата-аналар әр минутын тиімді пайдаланып, ұзақ уақыт бойы кезек күтпейтін болады. Құрылтай депутаттары ұсынған заң жобасы қазір Үкіметтің қарауында. Бағдарлама аясында баланың даму ерекшеліктерінде ауытқу анықталғаннан бастап, тиісті мекемелерге қажетті ақпарат жіберіліп, қажеттілігіне қарай көмек көрсетіледі. Ол үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Инклюзивті цифрлық модулі» пайдаланылмақ.

← Барлық жаңалықтар