Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Қазақ астығына сұраныс артты

Еліміздің астығына шетелдің көзі түсіп, сұраныс артып келеді.

Әсіресе Қытай мен Ауғанстан біздің дәнді дақылды бұрынғыдан әлдеқайда көп сатып алып жатыр. Өзбекстан мен Тәжікстанға да тонна-тонна астық жеткізілуде.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, күздің алғашқы айларында еліміз шетелге 2 миллион тоннадан аса астық жөнелтіп, былтырғы көрсеткіштен 2 пайызға асып түскен. Соның ішінде бидай экспорты қарқын алып, күткен межеден жоғары болыпты.

Отандық өнім бұрынғы нарықтармен шектелмей, Франция мен Туниске дейін жол тартқан. Тіпті Иранның өзі молынан алатын болыпты.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар