Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Депозиттерге салық салына ма?

Енді жиған-терген ақшаңыз үшін де салық төлейсіз! Яғни әр банктегі депозиттеріңізде бар қаражаттың үстінен түскен сыйақының 5 пайызы ұсталып қалады. Соңғы аптада әлеуметтік желіде желдей ескен бұл ақпарат көпшілікті дүрліктіріп қойғаны рас! Алайда алаңдауға еш себеп жоқ. Өйткені бұл фейк. Чаттарда сағат сайын тарап жатқан хабарламаны Ұлттық экономика министрлігі жоққа шығарды. Жауапты ведомстваның мәлімдемесіне сүйенсек, Үкіметте мұндай салық түрін енгізу қарастырылмаған. Сол себепті де авторы белгісіз әрі күмәнді жазбаларды тексеріп алған жөн!

← Барлық жаңалықтар