Енді отандастарымыз Күншығыс еліне тікелей ұшып бара алады.
Осы айдың соңында Алматы – Токио бағыты іске қосылмақ. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары мәлімдеді.
Нұрлыбек Нәлібаевтың сөзінше, Жапониядан бөлек, жаңа жылдан кейін Вена, Нью-Йорк пен Миланға да рейстер ашылады. Сондай-ақ халықаралық хаб, яғни жолаушыларға арналған орталық ашу жоспарланып отыр.
Бұл өз кезегінде еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып, әуе байланысын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік бермек.
Үсен Астана