Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 4 қаралым

Шымбұлақ әлемдегі ең үздік аспалы жолдың бірі

«Шымбұлақ» әлемдегі ең үздік 10 аспалы жолдың қатарына енді.

Бұдан бөлек, Алматының тағы үш таулы курорты беделді халықаралық рейтингке кірген. Қала әкімдігінің хабарлауынша, мегаполистің таулы бағыттарына қызығушылық артып келеді.

Мәселен, осы жылдың он айында «Іле Алатауы» ұлттық саябағына 1 миллион 600 мыңнан астам адам барған. Ал Mastercard деректеріне сәйкес, 2025 жылы шетелдік туристердің 30 пайызы Шымбұлаққа жиі шыққан.

Әсіресе «Кімасар» шатқалы жаяу серуендеуге арналған үздік бағыттардың ішінде 56-орынға тұрақтаса, «Бұтақты» 79-сатыға жайғасқан.

Гүлнәзия Мейірханқызы

← Барлық жаңалықтар