Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 3 қаралым

Вице-министр адам құтқарды

Астана – Тараз бағытындағы ұшақта жолаушының денсаулығы күрт нашарлап, демалуы қиындаған.

Бақытына орай, бортта хирург, денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов болыпты. Вице-министр науқасқа дереу алғашқы көмек көрсетті. Қан қысымын өлшеп, ұшақ қонғанша жағдайын бақылап отырған.

Ұшақ Тараз әуежайына қонған бойда вице-министр жедел жәрдем шақырып, жолаушыны дәрігерлерге тапсырды. Өткен жолы денсаулық сақтауға жауапты министрдің өзі қасындағы жолаушыны құтқарып қалып еді. Соған қарағанда, бойдағы ауру-сырқау жаныңа медик жақындағанда шығады ғой деймін.

Ақбөпе Тәңірберген

← Барлық жаңалықтар