Отан алдындағы борышын өтеп келген 1 040 сарбазға тегін білім гранты табысталды.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оның 800-і — мемлекеттік грант, қалған 240-ы күштік құрылымдардың жоғары оқу орындарына тиесілі. Байқауға 160 әскери бөлімнен 8 мыңнан аса адам қатысқан.
Үміткерлер «Срочники 2.0» платформасында іріктелген. Таңдау барысында олардың жауынгерлік даярлығы, әскери тәртібі мен психологиялық дайындығы ескерілген. Ал грант иегерлеріне оқудың алғашқы жылында жатақханадан орын беріліп, шәкіртақы төленеді.
Рамазан Палмағанбет