Енді отандастарымыз Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласына тікелей қатынай алады.
Желтоқсаннан бастап Астана мен Алматыдан тұрақты әуе рейстері ашылады. Бұған дейін қазақстандықтар бұл курорттық қалаға тек чартерлік рейстермен ұшатын. Бұдан былай жолаушылар билетті әуе компаниясының ресми сайтынан еш кедергісіз сатып ала алады.
Алғашқы ұшақтар 10–11 желтоқсанда көкке көтерілмек. Дегенмен туристер ескеретін маңызды талап бар: егер 21 жасқа толмаған азаматтың жанында ата-анасының бірі болмаса, оған Мысыр аумағына кіруге рұқсат берілмейді.