Каспий итбалықтары «Ақжайық» резерватында видеоға түсіп қалды.
Сирек кездесетін теңіз сүтқоректілерін мемлекеттік инспектор аумақты барлау кезінде байқаған. Бұл бейнежазба табиғат қорғаушылары үшін аса құнды. Өйткені тек Каспийді мекендейтін жануарлар әдетте адам көзінен таса жүреді екен.
Қызыл кітапқа енген итбалықтар саны қазір 1 миллионнан сәл асады. Бүгінде теңіз маңындағы бес мемлекет осы бірегей түрді сақтап қалу жолында бірлесіп күш жұмылдырып жатыр.
Гүлмира Тасболатқызы