Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 14 қаралым

Жұмыс орнында харассмент жасайтындар көп

Астанада жұмыс орнындағы харассменттің алдын алу мәселесі талқыланды.

Әріптесінің денесіне тиісіп, соңынан аңдып, ізіне түсуге болмайды. Алайда мұны елемейтін кейбір басшылар әдепсіздікке бой алдырып жүр.

Мамандар қызметкерлердің шағымын құпия қарау, оларды қысымнан қорғау және жұмыс берушінің жауапкершілігі жайлы айтты. Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдарға арналған әдістемелік нұсқаулық та ұсынды.

Тіпті анонимді түрде зерттеу жүргізіліп, кейбір ұйымдардағы жағдай сараланды.

Адина Магамбетова, Қазақстандық қоғамдық даму институты гендерлік саясат бөлімінің басшысы:

Біз 30 сұхбат алдық. Оның 19-ы харассментке тап болған қызметкерлермен жүргізілді. Олар мемлекеттік органдарда, бизнес және басқа да ұйымдарда жұмыс істейді. Харассментке тап болғандардың басым бөлігі — әйелдер. Зерттеуде харассменттің үш түрі анықталды: оның біріншісі — кемсіту, екіншісі — гендерлік харассмент.

Ақбөпе Тәңірберген

← Барлық жаңалықтар