Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 12 қаралым

Алматылықтар кептеліске алаңдаулы

Алматыда қаланың даму жоспары қалай жүзеге асып жатқаны тексерілді.

Ол үшін тұрғындар мен жауапты мамандар арасында арнайы сауалнама жүргізілген.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, мегаполис халқының 78 пайызын ең алдымен көлік кептелісі мазалайды. Бұдан бөлек, тұрғындар ауаның ластануы мен жаяу жүргіншілер жолының қолайсыздығын жиі атап өткен.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бақылау әкімдікті сынау үшін емес, қаладағы түйткілдерді ашық көріп, дұрыс шешім қабылдау үшін жасалған.

Гүлнәзия Мейірханқызы

← Барлық жаңалықтар