10 миллиард теңге қайда?
11 мая 2023
Алматының қақ ортасында орналасқан 28 мың тұрғыны бар ауданда кәріз жүйесі атымен жоқ. Бюджеттен миллиардтар бөлінген жұмыс 2018 жылы басталған. Бірақ аяқсыз қалыпты. Ол аздай, қалдық суы жүрмейтін құбыр үшін ел қыруар ақша төлеп отыр. Ал қазулы күйде қалған құдыққа адамдар түсіп кетіп, тіпті бір жан ажал құшқан.