Адамдар жануарларға қатыгездік танытып өлтіріп жатса, батыл ит 10 жастағы жеткіншекті жыртқыш аңнан құтқарып қалды. Өз өмірін қауіпке тіккен жануар 10 жастағы жеткіншекті қасқырдан құтқарып қалды. Оқиға Ресейдің СиндОр ауылында болған. Тығылыспақ ойнап жүрген үш баланың біреуі омбы қарға тығылып қалыпты. Сол кезде оған қарай қасқыр беттеген. Сәтін салғанда үйдің қоршауының есігінен атып шыққан терьер тұқымдас ит бөріге тап беріпті. Жыртқыш аң бір минуттың ішінде үй жануарын өлтіріп тастаған. Ал бала үйіне қашып үлгеріпті.
10 жастағы баланы қасқырдан ит құтқарып қалды
Дата: 29.12.2020