3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

12 МЫҢ ШАҚЫРЫМ ЖОЛ САЛЫНАДЫ

Еліміз Еуразияның жетекші хабына айналуға ұмтылып жатыр. Ол үшін халықаралық маңызы бар автожолдар жаңғыртылып, жаңа көлік дәліздерінің қазығы қағыла бастады. Сондай-ақ ірі логистикалық орталықтар да салу жоспарланған. Негізі, бұл бастама мемлекет басшысының “Әділетті Қазақстан” заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм атты Жолдауында көрініс тапқан. Былтыр наурыз айында Ұлттық құрылтайда да президент кемінде 12 мың шақырым автожолды реконструкциялау және жөндеуден өткізуді тапсырған болатын. Сондай-ақ, жолдауда серіктес елдер – Қытай, Әзербайжан, Грузия және Түркиямен Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту үшін күш-жігерді біріктіру міндеті қойылды. Бүгінде осы бағыттағы жұмыс айтарлықтай нәтиже бере бастады. Ал, Авиациялық инфрақұрылымды дамыту еліміздің көлік саясатындағы басымдықтарының бірі болып қала береді. Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарға сәйкес еліміздің жетекші әуежайлары – Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе – логистикалық қызметтердің толық спектрін ұсынатын заманауи орталықтар ретінде дамып жатыр.

X