13 жасар өгей қызын өлтірді
27 июля 2021
13 жастағы өгей қызын айуандықпен өлтірген ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Алматы облысы Талғар ауданындағы жатақханалардың бірінде болған сұмдық жайт жергілікті жұрттың үрейін ұшырған болатын. Жасөспірімді қатаң тәртіппен ұстап, қасынан бір елі шығармаған ер адам бұрын сотты болған дейді көршілері. Ал, қайғылы жағдай кезінде анасы қайда болған? Оқиғаның мән-жайын тілшіміз зерттеп көрді.