138 млн теңгеге маска мен антисептикті заңсыз сатқан

Қысылтаяң шақта елорда тұрғындарына 138 миллион теңгеге маска мен антисептикті заңсыз сатқандар ұсталды. Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының дерегінше, күдіктілер 30 мың дана бетперде мен 20 мың литр залалсыздандырғыш сұйықтықты саудалаған. Тұрғын үйді кішігірім цехке айналдырған 22 және 66 жастағы қос ер адам қазір тергеуге алынған.

X