2 МЛН ТЕҢГЕЛІК СЕРТИФИКАТТЫҢ ЖЫРЫ: КӨПБАЛАЛЫ АНА КЕШІРІМ СҰРАДЫ
16 марта 2021
«Кемшілік бізден кетті!» Ақтөбеде көпбалалы анаға құны жоқ 2 млн теңгенің сертификатын берген шенеуніктер ақталды. Ол үшін арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Әкімдіктің мәлімдеме жасағаны қисынды, ал бес баласымен жатақхананың жуынатын бөлмесінде тұрып жатқан көпбалалы келіншекті аймақ басшысынан кешірім сұрауға не итермеледі?