Сегіз айдан бері ес-түссіз жатқан елордалық 2 жасар сәбидің дертіне енді пневмония қосылды. Тісін емдетуге барған Алисаға қате ем жасалып, өткен жылдың желтоқсан айында комаға түскен еді. Сәбидің жағдайы сол қалпы. Тыныс алуы қиындаған соң, жасанды желдету аппаратына қосылыпты. Салдарынан өкпесі қабынған. Дәрігерлер баланың жағдайы ауыр дейді. Ал осы оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық іс бір орында тұралап қалыпты. Бүлдіршіннің анасы арада 8 ай уақыт өтсе де, ешкімнің жазаланбағанына налып отыр.
2 жасар бүлдіршін 8 айдан бері комада жатыр
Дата: 04.08.2020