20 күн нәр татпаған жұмысшылар
20 сентября 2021
«Обухов» кен-байыту комбинатындағы дау әлі күнге шейін шешілер емес. Жұмыстан заңсыз айырылдық деген бір топ жұмысшы 20 күн бойы нәр татпай, денсаулықтары нашарлап, төсек тартып жатып қалған. Ал содан бері олардың жағдайын білуге жергілікті биліктен бірде-бір шенеунік келмепті. Ашынған азаматтар 400 жұмысшыға араша түсе алмаған аймақ басшысының қызметтен кетуін талап етіп отыр. Табысынан айырылған жандардың жанайқайы келесі бейнематериалда.







