18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

2021 жыл спорт саласына не берді? Кімді алды?

Өтіп бара жатқан 2021 жыл ел спорты үшін өте ауыр, сүреңсіз жылдардың бірі болды. Ұзаққа бармай-ақ, Токиода өткен Олимпиада ойындарында саңлақтарымыз алтын, тіпті күмістің сыңғырын ести алмай, үйге құр алақан келді. Бұл Қазақстан тарихындағы ең төменгі нәтиже ретінде тарихқа енді. Жалпы, халық үкілеген спортшыларымыз 8 қола жүлде еншілеп, командалық есепте 81 орынға тұрақтады. Бірақ, төртжылдықтың басты додасында құрамамыз толық тоқырауға ұшыраса да, қыз-жігіттеріміз басқа халықаралық жарыстарда оза шапты. «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі өтіп бара жатқан жылдағы басты спорт оқиғаларына шолу жасады.

X